"Студенттер мен оқушыларға": Apple ең арзан MacBook сата бастады

Бүгін, 19:45 / Ербұлан Қайрат
сурет: apple.com

Apple компаниясы жаңа MacBook Neo ноутбугын таныстырды. Бұл – компания тарихындағы ең қолжетімді MacBook. Құрылғының басты ерекшелігі – оның ішінде iPhone-дарда қолданылатын A18 Pro процессоры орнатылған, деп хабарлайды turkystan.kz Appl компаниясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Жаңа модельдің базалық бағасы 599 доллар шамасында. Осылайша ол Apple ноутбуктары арасындағы ең арзан нұсқаға айналып отыр.

Бұдан бөлек, компания студенттерге арналған арнайы жеңілдік бағдарламасын да іске қосты. Соның арқасында MacBook Neo-ны 499 долларға (шамамен 38,8 мың рубль) сатып алуға болады. Бұл баға толыққанды MacBook үшін айтарлықтай төмен саналады.

Ресми түрде бұл жеңілдік студенттерге, оқытушыларға және мектеп оқушыларының ата-аналарына арналған. Алайда көптеген сатып алушылардың айтуынша, интернет-дүкенде көбіне ешқандай қатаң тексеріс болмайды: сатып алу кезінде тек «студентпін» деген опцияны таңдаса, болғаны.

Apple бұл модель арқылы ноутбук нарығында қолжетімді сегментті күшейтуді көздейді. Компанияның стратегиясы бойынша, смартфондарға арналған қуатты чиптерді ноутбуктерге енгізу өндіріс құнын азайтып, Mac құрылғыларын кең аудиторияға қолжетімді етуі мүмкін.

Тэгтер:

Apple MacBook MacBook Neo