Атырауда қалта ұрлығымен айналысқан күдікті ұсталды

Бүгін, 15:57 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Атырауда криминалдық полиция қала аумағында бірнеше рет қалта ұрлығын жасаған 39 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тексеру барысында күдіктінің қоғамдық автокөліктерде ұрлық жасап, ұрланған заттарды әртүрлі ломбард мекемелеріне тапсырғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.