Әзербайжан аумағына Иранның дрондары құлады

Бүгін, 14:50 / Інжу Әлихан
Скриншот

Әзербайжанның Нахчыван автономиялық республикасындағы әуежай аумағына дрон құлады, деп хабарлайды turkystan.kz РИА Новости агенттігі сілтеме жасап.

«Иран аумағынан ұшырылған ұшқышсыз ұшу аппараты Нахчыван әуежайының аумағына құлады. Жақын уақытта Иранның Әзербайжанның азаматтық инфрақұрылымына жасаған шабуылы бойынша ресми құрылымдардың мәлімдемесі күтіледі», – делінген хабарламада.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі Нахчыван әуежайына дрон құлағаннан кейін Иранның елшісін шақыртқанын ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді.

«5 наурыз күні күндіз Нахчыван автономиялық республикасының аумағына Иран Ислам Республикасының территориясынан дрондар арқылы шабуыл жасалды. Бір дрон әуежай терминалының ғимаратына құласа, екіншісі Шекерабад ауылындағы мектеп ғимаратының маңына түсті», – делінген хабарламада.

Нахчыван әуежайында қатты өрт шыққан. Министрлік мәліметінше, оқиға салдарынан екі адам зардап шеккен. Баку Тегеранды жағдайды мүмкіндігінше қысқа мерзімде түсіндіруге шақырды.