Қытайлық турист Бозжырада сүйіктісіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады

Бүгін, 11:14 / Інжу Әлихан
Маңғыстау облысы ҚКО

Қытайлық турист сүйіктісіне тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасау үшін Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалын таңдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Романтикалық сәт өңірдің бірегей табиғи пейзаждарының аясында өтті. Жас жігіт Бозжыраның асқақ жартастары мен ақшыл әктасты құздарының арасында сүйіктісіне ұсыныс жасады.

Көңіл толқытатын бұл сәт дрон арқылы түсіріліп, көркем көрініс биіктен бейнеге жазылды.

Романтикалық ұсыныстың видеосын @travel_stan аккаунты жариялады.

Айта кетейік, Бозжыра шатқалы — Маңғыстау облысындағы ең танымал табиғи көрікті жерлердің бірі. Жыл сайын бұл жер ерекше ландшафттары мен таңғажайып көріністерінің арқасында әлемнің түкпір-түкпірінен келетін туристерді тартады.