25 жастағы ақтөбелік оқушыны зорлады деген күдікпен ұсталды

Бүгін, 10:46 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Әлеуметтік желілерде Ақтөбе облысында 25 жастағы ер адамның 14 жастағы мектеп оқушысына қатысты зорлық әрекет жасағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды turkystan.kz «Диапазонға» сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, қылмысқа күдікті азамат дереу ұсталып, қамауға алынған.

«Күдікті жедел түрде ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу және процессуалдық әрекеттер кешені жүргізіліп жатыр. Оның ішінде қылмыстық іс бойынша барлық тараптың уәждері тексеріліп, дәлелдемелер жиналып, талдануда. Тергеу толық әрі жан-жақты аяқталғаннан кейін заңды және негізді процессуалдық шешім қабылданады», – деп қысқаша мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.