ІІМ шетелдегі жұмысқа шақыратын онлайн хабарламалар қауіпті екенін ескертті

Бүгін, 09:48 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Ішкі істер министрлігі интернетте жарияланатын хабарландырулар арқылы азаматтарды шетелдегі “жалақысы жоғары жұмысқа” тарту деректері көбейгенін айтып, мұндай ұсыныстардың қауіпті болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды turkystan.kz..

Алаяқтар әлеуметтік желілерде, мессенджерлер мен түрлі хабарландыру сайттарында табысы жоғары, жол ақысы мен жатын орны тегін, тәжірибе мен тіл білуді талап етпейтін оңай жұмыс ұсынамыз деп хабарландыру жасайды.  Мұндай хабарландырулар көбіне Telegram-дағы арналарда, WhatsApp топтарында және өзге де онлайн алаңдарда таратылады.

Алайда шетелге барған азаматтар іс жүзінде мүлде басқа жағдайға тап болуы мүмкін:

Сақтық үшін мыналарды ескерген жөн:

Егер күмәнді ұсыныс алсаңыз немесе алаяқтық белгілерін байқасаңыз, бірден құқық қорғау органдарына жүгінген дұрыс.