Корея ЭКСПО-2017 көрмесінде озық технологияларын көрсетеді
Корея ЭКСПО-2017 көрмесінде озық технологияларын көрсетеді
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімов және Кореялық сауда мен инвестицияларға жәрдемдесу агенттігі призиденті Ким Джехон Көрме ұйымдастырушы кеңсесінде кездесті. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қоғаммен байланыс департаменті хабарлайды.
Ахметжан Есімов Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру және павильонын мазмұнды толтыруда Корея Республикасының белсенді қатысуын хабарлады. Корей павильоны 1125 шаршы метр аумақты қамтиды және Израиль, Сингапур және Океания елдері жанында орналасқан. «Кореямен жақсы қарым-қатынас орнатылған, бұл ұлттың жақсы дәстүрлері мен мәдениеті бізге таныс. Жаңғыртылатын энергия көздері саласындағы озық технологияларларыңызды көрсетеді деп кәміл сенеміз», – деп Ұлттық Компания Басқармасының Төрағасы мәлімдеді.
«Кездесу алдында ЭКСПО нысандарын және корей павильонын қарап шықтық. Корей павильонын безендіру жұмыстары ұйымдастырушы көмегімен кесте бойынша жүргізілуде. Қазіргі кезде экспозициялардың 50 пайызы безендірілген және мамыр айында жұмысытарды аяқтауды жоспарлап отырмыз. Осы жылы дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25 жылдығы атап өтіледі және экспозициямыз Қазақстан мен Корея арасындағы тығыз достық қарым-қатынастарының белгісі болады», – деп Ким Джехон хабарлады.
Кездесу барысында Корея тарапы павильонын мазмұнды толтырылуын таныстырды. Корей павильоны 11 маусымда ашылады, шілденің 18-22 аралығында ең үздік ел әртістерінің қатысуымен мәдени іс-шаралар көрсетілетін корей апталығы өтеді.
Астана қаласында 10-шы маусым 10 қыркүйек аралығында өтетін Халықаралық мамандандырылған көрме барысында 5 млн адам келеді деп күтілуде.