Данияр Елеусіновтың жұбайына екі әйелге шабуыл жасады деген айып тағылған

4 наурыз, 2026 / Өтей Торғайұлы

Қарағандыда жергілікті екі тұрғын олимпиада чемпионы, боксшы Данияр Елеусіновтың жұбайымен жанжал болғанын айтып, полицияға арызданған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл жайында EL.INFO ақпарат арнасында жарияланған.

Олардың сөзінше, әйел Майқұдықтағы пәтерлеріне келіп, өз атасына қатысты мәселеге байланысты наразылық білдірген. Арызданушылардың бірінің айтуынша, жанжал кезінде оған соққы жасалып, шашынан жұлқылаған. Сондай-ақ, оның мәлімдеуінше, қақтығысқа әйелдің атасы да араласқан.

Екі тарап та полицияға жүгінген. Боксшының жұбайы бұл айыптауларды танымал спортшының есімі арқылы назар аудартуға тырысумен байланысты деп түсіндірген.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тиісті сараптамалар тағайындалғанын хабарлады.

Тэгтер:

Полиция бокс Данияр Елеусінов