Әлеуметтік желіде сын айтқан желі қолданушыларының бірі Нұрлан Қоянбаевтың ашуына тиді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Желі белсендісі "Ауру" фильмін көргеннен кейінгі әсерін айтып, фильмде Нұрлан Қоянбаевтың бой көрсетпегеніне қуанатынын айтқан. Оның бұл пікіріне актер дер кезінде жауап қатты.
"Рақмет! Сын болған дұрыс қой, бірақ мына жерде сын емес… Жүріңдер сол бір-біріңді жамандап! Комедияны неге жамандай бересіңдер? Сол комедия ғой “драмаға” кинотеатрда жол ашып берген! Жүрді ғой драмаларың 30 жыл “клоун” болып, халықтың ақшасына кино түсіріп, ұрлап ол ақшаны! Сол Disney-ді тоқтатқан қазақтың комедиясы, драмасы емес! Қазақты жамандауды трендке айналдырмаңдар! Бір-бірімізді қаралап болған шығармыз?! Көңілді өмір сүрейік!", - деп жазды Нұрлан Қоянбаев.
Осыдан кейін актердің ашуын тудырған жазбаны автор желіден өшіріп тастаған.