Президент қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Бүгін, 17:33 / Алуа Арман
istockphoto.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды, деп жазады turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялардың жетекшілеріне, сондай-ақ аймақ әкімдеріне тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымның, соның ішінде әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды. Аталған жұмысты үйлестіру Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына жүктелді», - делінген хабарламада.

Тэгтер:

Президент қауіпсіздік