Владислав Рябко еспелі слаломнан Таиландтағы турнирде қола жеңіп алды

Бүгін, 17:05 / Алуа Арман
olympic.kz

Таиландтың Районг қаласында еспелі слаломнан Thailand Open халықаралық рейтингтік турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алғашқы жарыс күнінде ел қоржынына қола медаль түсті.

Отандасымыз Владислав Рябко каяк-кросс бағдарламасында жеңіс тұғырының үшінші сатасына көтерілді.

Аустралиялық Севан Билло жарыс жеңімпазы атанды. Өзбекстандық спортшы Самандар Сайдуллаев екінші орынға ие болды.

Тэгтер:

Турнир Медаль Қола жарыс Владислав Рябко