Таяу Шығыс елдерінен тағы 314 адам Қазақтанға оралды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Көлік министрлігінің мәліметінше, SCAT әуе компаниясы Boeing 767 әуе кемесімен Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша DV5361 рейсін орындады.
«Рейспен Қазақстанға 314 адам, оның ішінде балалы жолаушылар жеткізілді.
Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары мүдделі мемлекеттік органдармен және әуе тасымалдаушылармен бірлесіп жалғасуда», - делінген ақпаратта.