Күн жылымайды: Астананың ауа-райы қалай болмақ?

Бүгін, 14:50 / Алуа Арман
istockphoto.com

«Қазгидромет» баспасөз қызметі 2026 жылғы 5 наурыз, бейсенбі күніне арналған Астанадағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астанада бұлтты ауа райы күтіледі, түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын (ылаң қар) болады, төменгі қабаттарда боран соғады. Жолдарда мұздақ (тайғақ) байқалады. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с шамасында болады. Түнде ауа температурасы -3…-5°С, күндіз -1…+1°С болады.

Тэгтер:

ауа райы Қазгидромет