Маңғыстауда 8, 14 және 15 наурыз күндері қоғамдық маршруттарда жолаушыларға тегін қызмет көрсетіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай, 14-15 наурыз Амал мерекесіне байланысты барлық жолаушы автобуспен тегін жүре алады.
Бұл қызмет Бейнеу, Түпқараған, Қарақия, Мұнайлы және Маңғыстау ауданішілік, Ақтау және Жаңаөзен қалаішілік маршруттарында қарастырылған.
Бұл іс-шара тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, кедергісіз қоғамдық көлік қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Айта кетейік, аталған тегін қызмет тек қана ауданаралық және қалааралық бағыттарға көрсетілмейді.