Шымкентте 976 гектар жер орман қорына берілді

Бүгін, 12:43 / Алуа Арман
istockphoto.com

Шымкент қаласы прокуратурасының актісі бойынша қаланың орман қорының аумағы ұлғайтылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

 Шымкент қаласының прокуратурасы мемлекеттік орман қорының құрамына енгізілуге жататын өзге санаттағы жер учаскелерін анықтады.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде қала әкімдігі мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен комиссия құрып, оның жұмысының қорытындысы бойынша аталған жерлерді орман қоры жерлерініңсанатына ауыстыру мақұлданды.

Қала әкімінің қаулысымен Абай ауданында орналасқан жалпы алаңы 976,355 га құрайтын жер учаскелері мемлекеттік орман қоры жерлері құрамына ауыстырылды.

Қабылданған шаралар орман аумақтарын қорғаудың құқықтық режимін нығайтуға, экологиялық тұрақтылықты арттыруға және қаланың мемлекеттік орман қоры аумағын одан әрі ұлғайтуға бағытталған.

Ормандарды қорғау және сақтау мәселелері қала прокуратурасының тұрақты бақылауында. 

Тэгтер:

Шымкент жер Орман