Талғар қаласында жеті баланың әкесі кісі қолынан қаза тапты. Оған отыздан астам пышақ жарақаты салынған, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Күдіктілер — марқұмның жұбайы мен енесі. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 7-тармағы (“Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған адам өлтіру”) бойынша іс қозғалды», — деді марқұмның адвокаттары.
Алдын-ала мәлімет бойынша, марқұм өзіне тиесілі жылқылар ұрланғаннан кейін Талғар полициясына арыз берген. Осы жайт жанжалдың себебі болуы мүмкін.
«Бұған дейін полиция марқұмның жұбайының осы жылқыларды ұрлап, сатқанын анықтаған. Олардың пікірінше, дәл осы жайт жанжалға себеп болуы мүмкін. Шабуыл ер адам ұйықтап жатқан кезде жасалған. Марқұмның артында жеті баласы қалды», — деді адвокаттар.
«Отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде адамдар тобы жасаған адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады облыстық полиция департаменті.