Ақтөбе мен Жетісу облысында жол жабылды

Бүгін, 10:26 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ауа-райының бұзылуына байланысты екі облыста көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

2026 жылғы 4 наурыз сағат 09:45-те ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Үшарал – Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктұма ауылынан Достық станциясына дейін) көліктің барлық түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Жолды 2026 жылғы 6 наурыз сағат 12:00-де ашу жоспарланған.

2026 жылғы 4 наурыз сағат 10:15-те ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «РФ шекарасы – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Алматы – ҚХР шекарасы»  автожолының 776-965 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтөбе қаласы – Қарабұтақ ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

Жолды 2026 жылғы 4 наурыз сағат 14:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Тэгтер:

ауа райы Ақтөбе Жетісу автожол тасжол трасса жол жабылды