Бурабайда 18 жастағы екі бозбала есірткі үшін сотталды

Бүгін, 09:38 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақмола облысының Бурабай аудандық соты екі қылмыстық істі қарап, 18 жастағы екі бозбаланы өткізу мақсатында психотроптық заттарды заңсыз сақтау және тасымалдау фактілері бойынша кінәлі деп таныды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сотта анықталғандай, 2025 жылғы қазан және қараша айларында жастар әлеуметтік желілер арқылы байланысқан кураторлардың нұсқауымен аудан аумағына келген. Оларға заңсыз әрекеттерді орындау жөнінде тапсырмалар беріліп, ақшалай сыйақы уәде етілген.

Сот үкімімен әрқайсысына орташа қауіпсіздік мекемесінде 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бурабай ауданының прокуратурасы заңсыз есірткі және психотроптық заттардың айналымына қатысу қатаң қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.

Интернет арқылы ұсынылатын «жылдам табыс» туралы ұсыныстар көбіне қылмыстық әрекеттермен байланысты болып, ауыр салдарға алып келуі мүмкін.

Тэгтер:

Есірткі Бурабай психотроптық заттар