946 қазақстандық арнайы рейстермен Таяу Шығыстан елге оралды – министрлік

Бүгін, 09:35 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

4 наурыз күні Таяу Шығыс елдерінен қайтарылған Қазақстан азаматтары мінген ұшақтар ел әуежайларына келіп қонды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, Air Astana компаниясы Медина мен Жиддадан бірнеше рейс орындады:

Сонымен қатар, SCAT әуе компаниясы Boeing 767 әуе кемесімен Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша рейс орындалып жатыр. Ұшақта шамамен 290 орын бар.

Қазіргі таңға дейін Қазақстанға 946 жолаушы қайтарылды.

Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.