Алматыда түзету орталығының қызметкері қамауға алынды

Бүгін, 09:13 / Алуа Арман
polisia.kz

Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасы түзету орталықтарының бірінің қызметкері жасаған құқыққа қарсы әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Бейнебақылау камераларының жазбалары зерделеніп, куәлар мен іске қатысы бар өзге де тұлғалардан жауап алынуда.

Тергеу барысы Алматы қаласы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Тергеу қорытындысы бойынша күдіктінің әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға берілетін болады.

Тэгтер:

қамауға алу түзету орталығы