Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба Хаменеи Жоғарғы Көшбасшы лауазымына сайланды — БАҚ

Бүгін, 05:25 / Нұрлан Әлинұр
Censor

Иранның Аятоллалар Кеңесі Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба Хаменеиді келесі Жоғарғы Көшбасшы етіп сайлады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы ақпаратты Iran International таратқан.

Мәліметке сәйкес, 56 жастағы Моджтаба Хаменеи — қазіргі Жоғарғы Көшбасшы Әли Хаменеинің екінші ұлы. Ол Иранның Ислам революциялық гвардия корпусымен тығыз байланысты тұлға ретінде белгілі.

Айта кетейік, Моджтаба Хаменеи Жоғарғы Көшбасшы лауазымына ықтимал үміткерлердің қатарында болған. Ресми Тегеран тарапынан бұл ақпаратқа қатысты әзірге нақты мәлімдеме жасалған жоқ.