Таяу Шығыстан эвакуацияланған қазақстандық туристердің алғашқы легі елге оралды (ВИДЕО)

3 наурыз, 2026 / Өтей Торғайұлы
Фото: pixabay

Flydubai әуекомпаниясы Дубай – Астана және Дубай – Алматы бағыттары бойынша екі эвакуациялық рейс орындады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Нәтижесінде, Қазақстанға 306 жолаушы қайтып келді.

Азаматтарды елге қайтару шаралары жалғасуда.

Ведомствоның хабарлауынша, жақын уақытта Медина мен Жидда қалаларынан қосымша эвакуациялық рейстер ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Әлеуметтік желілерде жолаушылар алғыс сөздерін айтып, оң пікірлерін жариялап жатыр.

Тэгтер:

Турист таяу шығыс