"Сағынышым әлі басылмады": Бағдат Әшімова жұбайын еске алды (ВИДЕО)

3 наурыз, 2026 / Өтей Торғайұлы

Атақты актердың жұбайы Бағдат Әшімова әнші Сәкен Майғазиев ұйымдастырған ауызашарға қатысты. Ол дастархан басында  сөйлеген сөзінде әншіге ризашылығын білдіріп, Асанәлі Әшімов жайлы айтқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Ескінің салтымен: "Басыңыз ағарсын" деп, "Жұбатайын" деп, ағаңыз кетсе де ортадан қалдырмай шақырғаныңызға рахмет. Осы отырған Асекеңнің көзін көрген кісілер. Сағынышым әлі басыла қойған жоқ. Мен бақытты ғұмыр кештім. Жаманның қасында жүргенше, жақсының аяғында жат дейді. 23 жыл 1 ай 3 күнім менің қалған өміріме азық, жол салып кетті. Асекең 70-ке толғанда сол кісі жұтқан ауаны жұтсам ризамын деп етегінен ұстаған едім. Өзі елдің еркесі, халықтың абызы болып, өзі жас балаларға ананың орнын алып беріп кетті. Өле-өлгенше Асекеңнің әруағының алдында, оның көзін көрген бар халықтың алдында қызмет етемін. Артында қалған мұрасын орнында ұстап отырамын", – деді Бағдат Әшімова.

Еске салайық, Бағдат Әшімова өткен айда марқұм Сағидың жары, екі немересінің анасы Селимхан өмірден озғаны туралы хабарлаған еді.

Тэгтер:

әнші Сәкен Майғазиев Бағдат Әшімова