Осы сәтте Абай облысының өрт сөндірушілері Семей қаласында Шугаев көшесінде орналасқан ойын-сауық орталығында шыққан өртті сөндіруде, деп хабарлайды turkystan.kz.
Құтқарушылар оқиға орнына 6 минут ішінде жеткен.
Әкімшілік өкілдерінің мәліметінше, адамдар өздігінен эвакуацияланған.
"Өрт сөндіру тілсіз жаудың ушығуы және қою түтін салдарынан қиындап тұр. Өртті сөндіру үшін периметр бойынша су шашыратқыштар, сонымен қатар биік техника арқылы су жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Өрт орнында өрт сөндіру жедел штабы құрылды. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Өртке қарсы қызметі жоғары ранг бойынша жұмыс жасауда. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ. Өртті сөндіру жалғасуда", - деп жазылған ТЖМ таратқан ақпаратта.