Павлодарда жасөспірім қызды зорлаған күдікті 16 жылға сотталды

Бүгін, 17:48 / Алуа Арман
istockphoto.com

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған қызға күш қолданып зорлау фактісі бойынша қылмыстық істі қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс жабық сот отырысында қаралды.

Сотталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушінің, оның заңды өкілінің, куәлардың айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен дәлелденді.

Күдіктінің бұрын сотталмағандығы қылмысты жеңілдететін мән-жай ретінде қаралды.

Ал зорлықты мас күйінде жасауы қылмысты ауырлататын мән-жай ретінде қарастырылды.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.

Тэгтер:

Павлодар Жасөспірім қылмыстық іс зорлық педофил зорлау