Қостанайда құс сою цехынан тауық етін ұрлаған күдіктіге үкім шықты

Бүгін, 17:11 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қостанай облысының Қарабалық аудандық сотында ұрлық жасаған екі күдіктіге қатысты іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олардың бірі жергілікті ЖШС-да күзетші болып істеген. 2025 жылдың қарашасында екінші күдікті күзетшімен келісіп, құс сою қоймасынан жалпы құны 163 мың теңгеден асатын тауық етін ұрлап кеткен.

Ал желтоқсанда Қарабалық кентіндегі тұрғын үйдің ауласына заңсыз кіріп, кейін қора-жайға өтіп, бір асыл тұқымды айғырды ұрлап, жәбірленушіге 1 500 000 теңге көлемінде материалдық залал келтірген.

ЖШС күзетшісі жұмыс берушісімен татуласуына татуласуына байланысты ҚР ҚК-нің 68-бабы 1-бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып, оған қатысты іс жүргізу сот қаулысымен тоқтатылды.

Ал құс еті мен асыл тұқымды айғырды ұрлаған күдіктіге 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Тэгтер:

Қостанай облысы ұрлық құс еті тауық еті мал ұрлау Қарабалық ауданы құс сою цехы асыл тұқымды айғыр