Щучинсктегі жарылыс болған кафенің иесі ұсталды

Бүгін, 16:20 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Ақмола облысының прокуратурасы Щучинсктегі жарылыс болған кафенің иесі ұсталғанын хабарлады, деп жазады turkystan.kz.

Прокуратура мәліметінше, Щучинскідегі «Центр плова» кафесінде болған өрт фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 3-бөлігі («Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу») бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Аталған бап бойынша бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

«Қылмыстық істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. 2 наурыз күні кафе иесі ұсталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп хабарлады ведомство.

Щучинск қаласындағы «Центр плова» дәмханасында қайғылы оқиға 26 ақпан күні кешкі уақытта болған. Жарылыс сәті бейнежазбаға түсіп қалған.

Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға кезінде 10 адам құтқарылған. 28 адам зардап шеккен, олардың 13-і ауруханаға жатқызылып, сегізі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген. Сегіз адам қаза тапқан.

Тэгтер:

өрт Жарылыс қылмыстық іс Щучинск кафе