Ақмолада 6,3 млн теңге қарызы бар кәсіпорын иесіне қылмыстық іс қозғалды

Бүгін, 15:23 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақмола облысының Целиноград ауданының прокуратурасы әлеуметтік шиеленіс тудырған іске араласты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Целиноград ауданы прокуратурасы азаматтарды «Естуші мемлекет» концепциясы аясында қабылдау нәтижесінде Қоянды ауылы тұрғындарының 92-нөмірлі толық трансформаторлық подстанцияның (ТТП) бұрынғы иесінің әрекеттері жөнінде шағымдары бойынша кешенді шаралар қабылдады.

Анықталғандай, ТТП-ның бұрынғы иесі 2020 жылдан 2023 жылға дейін «Ақмола тарату электр желі компаниясы» АҚ-на 6 353 000 теңге көлемінде қарыз жасаған.

Аталған факті бойынша ұрлық жасау ниетінсіз, мүліктік зиян келтіргені үшін алдын ала тергеу басталды.

Қазіргі уақытта ТТП-ның бұрынғы иесіне қатысты қылмыстық іс қаралу үшін сотқа жіберілді.

Тэгтер:

қарыз Ақмола облысы қылмыстық іс кәсіпорын Целиноград ауданы