Көкшетауда анасы мен екі баласы газдан уланды

Бүгін, 14:20 / Алуа Арман
istockphoto.com

Оқиға кезінде жеке тұрғын үйде 1993 жылы туған әйел және кәмелетке толмаған екі бала болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Алдын ала мәлімет бойынша, улануға пешпен жылыту жүйесінің ақауы себеп болған. Сонымен қатар әйел түнге қарай пештің жапқышын жауып қойған, соның салдарынан үй ішінде улы газ жиналған. Үшеуі де облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.

Тексеруден кейін балалар үйіне жіберілді, ал әйел ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы тұрақты.

Төтенше жағдайлар департаменті пешпен жылыту жүйесін пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Тэгтер:

улану Бала ана Көкшетау газ