4 наурыз күні Сауд Арабиясының Жидда қаласынан Қазақстанның 343 азаматын эвакуациялау жоспарланып отыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Үкіметтегі брифингте ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, тізімге ең алдымен кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер, 60 жастан асқан азаматтар, сондай-ақ белгілі бір дерті бар адамдар енгізілген.
– Балалардың нақты санын қазір айта алмаймын, өйткені әуе кемесінің құрамы әлі толық қалыптасқан жоқ. Біз адамдарды Жидда және Маскат қалаларында шоғырландырып жатырмыз. Бортқа отырғаннан кейін ғана нақты саны белгілі болады, – деді ол.