«Қазақты қазақ қана көтереді»: Нұрлан Еспанов желі қолданушыларына назын айтты

Бүгін, 11:31 / Алуа Арман
Ғаламтор

Белгілі әнші, мәдениет қайраткері Нұрлан Еспанов желі қолданушыларына ренішін білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Threads желісіне кірген оны желі қолданушылары айыптаған. Ал өз кезегінде әнші желінің баршаға ортақ екенін, кеңдеу болу қажеттігін атты.

«Қазақты қазақ ғана көтереді, ал қазақты аяғынан шалып, құлататын да қазақтың өзі. Threads –жастардікі шығар. Бірақ жекешелендіріп алғандай мыналарыңыз болмады. Анау кіріп кетіпті, мынау кіріпті деп. Сондықтан бір-бірімізді сынамай, қолдайық! Жасым 50-ден асса да, жүрегім 18 ғой», - деп жазды ол.

Тэгтер:

әнші Нұрлан Еспанов мәдениет қайреткері