Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері өрт кезінде жарылыстың алдын алды

Бүгін, 10:29 / Інжу Әлихан
Ұлттық ұлан

2 наурызда Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында қырағылық танытты. Сағат шамамен 12:30-да әскери жасақ құрамындағы қатардағы жауынгерлер Сапармұрат Алмабеков пен Мәди Қазы Астана қаласындағы тұрғын үйден шыққан өрт орнына жедел жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнында әскери қызметшілер үй ішінен екі газ баллонын қауіпсіз аймаққа шығарып, жарылыстың және ауыр салдардың алдын алды. Болған жағдай туралы шұғыл қызметтерге дер кезінде хабар берілді.

Сондай-ақ өрт сөндірушілермен бірлесіп, жақын маңда тұрған автокөлік қауіпсіз жерге жылжытып, материалдық шығынды болдырмады.

Аталған жағдай ҚР ІІМ Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында әрдайым батыл әрі кәсіби әрекет етуге дайын екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.