Қостанайда әлеуметтік төлемдерді аудармаған жұмыс берушілер жазаланды

Бүгін, 09:54 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қостанай облысының Қарабалық ауданының прокуратурасы міндетті әлеуметтік төлемдер саласындағы бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ауданның жекелеген кәсіпкерлік субъектілері міндетті зейнетақы және әлеуметтік медициналық жарналарды аудармаған.

Салық органының мәліметінше, кәсіпорындардың бірінде 15 млн теңге сомасына 215 қызметкердің алдында міндетті зейнетақы жарналарын есептеу бойынша берешек, сондай-ақ 2 млн теңге сомасына міндетті әлеуметтік медициналық жарналар бойынша берешек қалыптасты.

Жалпы аудан аумағында міндетті зейнетақы және әлеуметтік медициналық жарналар бойынша берешек жалпы сомасы 19 млн теңгеден асатын 18 кәсіпкерлік субъектісінде анықталды.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде 401 қызметкердің алдындағы берешек толық көлемде өтеліп, олардың конституциялық құқықтары қорғалды.

Прокуратура азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылатынын еске салады.

Тэгтер:

Әлеуметтік төлем зейнетақы жарнасы