«Дүниедегі ең жаман дауыс – ата-ананың зары...»: Ләйлә Сұлтанқызы әсерлі жазба қалдырды

Бүгін, 08:21 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Белгілі журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында соңғы жаңалықтарға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол жазбасында ата-ананың зары мен баланың шырылынан ауыр дауыс жоқ екенін айтып, ел амандығын тіледі.

«Дүниедегі ең жаман дауыс – ата-ананың зары мен балалардың шырылы шығар. Соңғы жаңалықтардан Құдай сақтасын. Бүгін “шүкір” деген ой мен сөз бір-бірінен ажырар емес», – деп жазды журналист.

Сондай-ақ ол барды бағалап, бейбіт өмірдің қадірін білу керектігін атап өтті.

«Бүгін барымызды бағалап, алғыс айтатын күн ғой. Төбеміздегі көк аспан үшін, тегін берілетін білім үшін, халықпен ашық диалог үшін, мәдениет пен ұлттық құндылықтар үшін, көп отбасыға бақыт сыйлаған “Аңсаған сәби” бағдарламасы үшін, ауыл мен қалаға бірдей мүмкіндік жасалғаны үшін, аналар мен балаларға көрсетілген қолдау үшін, зайырлы мемлекет үшін Мемлекет басшысына рақмет! Менің, менің отбасымның, жақындарымның таңдауы – тыныш өмір», – деді ол.