Иранның қаза тапқан жоғарғы көшбасшысы, аятолла Әли Хаменейдің жұбайы қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Sabereen News агенттігі өзінің Telegram-арнасында жазды.
Al Alam телеарнасы әйел адамның бұған дейін алған жарақаттарының салдарынан көз жұмғанын атап өтті.
Айта кетейік, 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иран аумағына соққы жасаған. Содан кейін Хаменей және бірнеше жоғары лауазымды әскери басшы қаза тапты. Сондай-ақ аятолланың күйеу баласы мен келіні де мерт болғаны хабарланған. Бұған жауап ретінде Тегеран Таяу Шығыстағы америкалық әскери базаларға және Израиль аумағына соққы берді.