Алматыдағы Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған ғимарат сатылымға шығарылады

Бүгін, 20:29 / Өтей Торғайұлы
Фото: sauda.e-qazyna.kz

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы (ҚАБК) Алматыдағы сауда-кеңсе орталығын сатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Orda.kz сайты ақпарат таратты.

"Белгілі болғандай, Kaisar Plaza сауда-кеңсе орталығы заңсыз жолмен сатып алынған, сондықтан 2023 жылы ол Қаржы министрлігінің балансына берілген. Енді оны мемлекеттік аукцион платформасында сатылымға шығармақ. Бастапқы баға 61 млрд теңгеден басталады. Бұл сомаға ғимараттың өзі де, жер телімін жалға алу құқығы да кіреді", - деп жазылған ақпаратты.

Kaisar Plaza — паркингі және панорамалық қабаты бар, тоғыз қабатты сауда-кеңсе орталығы. Ғимаратта 53 ұйым үй-жай жалдап отыр: ірі банктерден бастап БАҚ пен кофеханаларға дейін. Бұған дейін нысанды мемлекетке Қайрат Сатыбалды тапсырған. Қайтарылған активтер тізімінде сондай-ақ Kaisar Towers бизнес-орталығы, DoubleTree by Hilton қонақүйі, «АрСат» және Maisat бизнес-орталықтары, «Мегатау» сауда үйі, «Байсат» базары және «Оптимум» бизнес-орталығы бар.

Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна — 9,2 млрд теңге. Сауда 7 сәуірде басталады. 

Тэгтер:

Алматы Қайрат Сатыбалды Kaisar Plaza