Қазақстан халқының саны 20,5 миллион адамнан асты

Бүгін, 17:41 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

1 ақпандағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 20 518 005 адамға жетті. Қалалық жерлерде 13 106 358 адам, ауылдық жерлерде 7 411 647 адам тұрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жыл басынан бері халық саны 18,1 мың адамға өскен. Оның 15,8 мыңы табиғи өсім, 2,3 мыңы – көші-қонның оң сальдосы есебінен.

Еске сала кетейік, халық саны 20 миллионға 2023 жылдың қарашасында жеткен.