NASA қызметкері өзге ғаламшарлықтар бар екенін растады

Бүгін, 18:45 / Ербұлан Қайрат
сурет: Charlotte Keene / thedailytexan.com

1968 жылдан бері NASA құрамында жұмыс істеп келе жатқан доктор Жентри Ли Жерден тыс тіршіліктің бар екеніне сенімді екенін мәлімдеді. Алайда оның айтуынша, бөгде ғаламшарлықтар әзірге біздің планетамызға келмеген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ғалым бұл пікірін American Association for the Advancement of Science конференциясында айтқан.

«Бүгінде қандай да бір бөгде ғаламшарлықтың немесе олардың аппаратының Жерге қонғанын дәлелдейтін айғақ жоқ. Егер олай деп ойласаңыз, сізді жаңылыстырып жатыр», – деген ол.

Сонымен бірге Ли ғаламда тіршілік болуы ықтимал екенін атап өтті. Оның сөзінше, ең ықтимал нысандар – «жерге ұқсас» ғаламшарлар. Мәселен, Жерден шамамен 40 жарық жылы қашықтағы TRAPPIST-1e «Алтын аймақ» деп аталатын өмір сүруге қолайлы белдеуде орналасқан.

Тағы бір үміткер – 124 жарық жылы қашықтағы K2-18b. Ол мұхиттармен толық қапталған алып әлем болуы мүмкін. Мұндай планеталарды ғалымдар «гицеан» деп атайды, яғни сутегіге бай атмосферасы бар мұхит әлемдері.

Ли астрономдар жердегі тіршілікке мүлде ұқсамайтын өмір формаларын табуға дайын болуы керек екенін айтты.

«Біз міндетті түрде бір жерден тіршілік табамыз. Оның ықтималдығы өте жоғары», – деді ол.

Қазір Джентри Ли NASA-ның Реактивті қозғалыс зертханасындағы Күн жүйесін зерттеу басқармасының бас инженері. Ол Curiosity марсоходы, Dawn миссиясы, Juno жобасы және GRAIL бағдарламаларына жетекшілік еткен.

Тэгтер:

NASA өзге ғаламшарлықтар