Қарағанды қаласының Қазыбекби аудандық сотында «MebelPlusKrg» ЖШС директорының алаяқтық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«MebelPlusKrg» ЖШС директоры жиһаз дайындау сылтауымен, өзіне алған міндеттемелерін орындай алмайтынын алдын ала біле тұра, 42 жәбірленушінің ақшасын алған.
Сот күдіктінің жәбірленушілерге келтірілген материалдық залалды ішінара өтегенін ескерді.
Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, оған 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 2025 жылғы 23 маусымдағы №195-VIII ҚР Заңына сәйкес негізгі жазаның өтелмеген бөлігі бестен біріне қысқартылып, түпкілікті 3 жыл 8 ай 24 күн мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, оны орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.