Жетісуда жол бір тәулікке жабылды

Бүгін, 09:16 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жетісу облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«2026 жылғы 2 наурыз сағат 00:45-те ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Үшарал – Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктұма ауылынан  Достық станциясына дейін) көліктің барлық түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі», - делінген ҚазАвтоЖол хабарламасында.

Жолды 2026 жылғы 3 наурыз сағат 10:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.  

Тэгтер:

ауа райы Жетісу автожол тасжол трасса