Щучинскідегі жарылыс: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

Бүгін, 06:22 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек Щучинск қаласындағы «Центр плова» кафесінде болған өрттен кейін ауруханаға түскен науқастардың емделу барысы туралы айтып берді,

Облыстың бас дәрігерінің айтуынша, таңертең ол Ақмола облысының әкімі орынбасары Алтынай Амреновамен бірге көпсалалы облыстық ауруханадағы науқастарды аралаған. 

Пациенттердің жағдайы ауыр болғанымен, тұрақты. Кейін ол төрт ауыр науқас жатқан «Авиценна Бурабай» ЖШС ауруханасына барған.

Трагедиядан зардап шеккен барлық адамға тәулік бойы көмек көрсетіліп жатыр.

Мұнда тағы 4 науқас жасанды өкпе желдету аппаратында жатыр. Екеуінің жағдайы аса ауыр. Сонымен бірге, барлық күш-жігер жұмсалып, көмек көрсетіліп жатыр. Астанадан анестезиолог-реаниматологтар, эфферентологтар келді, олар қазір гемофильтрация процедурасын жүргізіп жатыр, — деді ол.

Барлық қажетті шығын материалдары, дәрі-дәрмектер, препараттар және керек-жарақтар бар.

Біз қазір қарап шықтық, бәрі жеткілікті мөлшерде. Көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр және Ақмола облысы әкімдігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында, — деді облыстың бас дәрігері.