«Дариға Бадықоваға қатысты істе менің командам жеңілді деп айтуға әлі ерте» — Айгүл Орынбек

Бүгін, 22:44 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Дариға Бадықованың заңды өкілі Айгүл Орынбек аталған іске байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, бұл іс бойынша қандай да бір тараптың жеңісі туралы мәлімдеуге әлі негіз жоқ.

«Дариға Бадықоваға қатысты істе менің командам жеңілді деп айтуға әлі ерте. Қолымызда заңды күшіне енген сот шешімі жоқ. Ал екінші тараптың апелляциялық тәртіп аяқталмай жатып “жеңдік” деп жар салуы — құқықтық мәдениеттің төмендігін көрсетеді. Заң тұрғысынан алғанда, сот актісі заңды күшіне енбей тұрып қандай да бір жеңіс туралы мәлімдеу — кемінде процессуалдық әдепке қайшы», — деді ол.

Сондай-ақ заңгер толық күшіне енбеген шешімді қоғам алдында «жеңіс» ретінде көрсету сотқа жанама қысым жасау әрекеті деп бағаланатынын атап өтті.

«Толық күшіне енбеген шешімді қоғам алдында “жеңіс” ретінде көрсету — сотқа жанама қысым жасау әрекеті деп білемін», — деп түйіндеді Айгүл Орынбек.