Мемлекет басшысы Босния және Герцеговинаның Төралқа Төрағасын құттықтады

Бүгін, 10:15 / Нұрлан Әлинұр
Ақорда

Мемлекет басшысы Босния және Герцеговинаның Төралқа Төрағасын құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Желько Комшичке Босния және Герцеговинаның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Президент Астана мен Сараевоның дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастығы қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді.