Маңғыстаудың көркем табиғатында фотосессия жасаған актриса Фариза Ескермес биік жартастардың үстінде түсірілім жасау оңай болмағанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Актриса өз парақшасында түсірілім кезіндегі сезімдерімен бөлісті.
«Маған өлуге болмайды. Бала туу керек. Аналық инстинкті айтам да, ана болмай тұрып баламды ойлап тұрм, сондағысы», — деп жазды ол.
Сондай-ақ Фариза Ескермес биікке каблукпен шығуға кеңес бермейтінін ескертіп өтті.
«Абай болыңыздар, біз сияқты каблукпен келуші болмаңыздар. Сәл оңға не солға қисайсаң – болды, құлап кету қаупі бар», — деді актриса.