Түркістан облысында әйел жүргізуші екі баланы қағып кетті

28 ақпан, 2026 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Түркістан облысында екі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні көлігімен қағып кеткен жүргізуші қамауға алынды. 

Оқиға Сайрам ауданына қарасты Ақсукент ауылында болған.

Түркістан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жергілікті тұрғын «Changan» маркалы автокөлікті басқарып келе жатып, көшелердің бірінде кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні соғып өткен.

Осыдан кейін жүргізуші оқиға орнынан бой тасалап, басқа көшеде тағы бір кәмелетке толмаған мектеп оқушысын қағып кеткен. Зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілді. Олардың бірі тексеруден кейін үйіне жіберілді.

Жүргізуші ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерделеніп, куәлардан жауап алынып жатыр.

Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.