«Небәрі 15 жаста»: Щучинскіде қайтыс болғандар жайлы тың ақпарат жарияланды

27 ақпан, 2026 / Өтей Торғайұлы
Фото: instagram.com/shchuchinsk_life/

26 ақпан Щучинск қаласында тұрғын үйге жапсарлас салынған бір қабатты кафеде газ-ауа қоспасы жарылып, кейін өрт шықты. Оқиға салдарынан 7 адам қаза тапты. Әлеуметтік желілерде қаза тапқандар жайлы тың ақпарат тарай бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Shchuchinsk_life жазғандай, бұл трагедия небәрі 15 жастағы жас қыз — Елизавета Казанцеваның өмірін қиды. Бұл — туған-туыстары мен жақындары үшін орны толмас қайғы. Сондай-ақ Вячеслав Евдокимов та қаза тапты. Оның жақындары оны әрдайым жарқын, мейірімді, жүрегі кең, қиын сәтте қолдау көрсетуге дайын жан ретінде есте сақтайды.

Еске салайық, Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері жарылыс туралы хабар түскен сәттен бастап бес минут ішінде оқиға орнына жеткен. Авариялық-құтқару жұмыстары барысында өрт ішінен көлемі 50 литрден болатын бес газ баллоны және екі оттегі баллоны шығарылып, қайталама жарылыстардың алдын алуға мүмкіндік туды. Өрт сөндірушілер жанып жатқан бөлмелерден 10 адамды құтқарды.

Оқиға салдарынан 28 адам зардап шекті: олардың 13-і ауруханаға жатқызылды, 8 адам медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. 7 адам қаза тапты.
 

Тэгтер:

өрт Щучинск