Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Президент Әкімшілігі, Үкімет аппараты өкілдерінің, Парламент депутаттарының, Энергетика министрлігі басшылығының, ұлттық компаниялар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қатысуымен Энергетика министрлігі кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Роман Скляр өз сөзінде жаңа Конституция жобасы бойынша алдағы республикалық референдум мемлекеттік даму негіздерін жаңартудың маңызды кезеңін белгілейтінін атап өтті. Кең қоғамдық пікірталас барысында қалыптасқан негізгі заң жобасы мемлекеттік институттардың жауапкершілігінің жоғары стандарттарын белгілейді.
Энергетикалық қауіпсіздік және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану салалық міндеттерге ғана емес, сонымен қатар ел дамуының жаңа конституциялық моделінің элементтеріне айналуда. Бұл жағдайда негізінен шикізат моделінен терең өңдеуге және жоғары қосылған құнды құруға көшу қажет, — деп атап өтті бірінші вице-премьер.