75 мыңға жуық кәсіподақ мүшесінің құқығы қорғалады

Бүгін, 14:30 / Túrkіstan IPW

2025 жыл Салалық кәсіподақ қызметінде айрықша кезең ретінде бағаланып, ұйымның ғасырлық шежіресіне енді. Бұл жыл еліміздегі кәсіподақ қозғалысының 120 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп, кәсіподақ институтының тарихи сабақтастығы мен қоғамдағы орнының маңызын айқындай түсті.

Бүгінде қазақстандық кәсіподақ қозға­лысы әлеуметтік-еңбек қатынастары жүйе­сінің белсенді қатысушысы ретінде тұрақ­ты жұмыс атқарып қана қоймай, халықара­лық кәсіподақ алаңдарында да өз беделін нығай­тып келеді.
2025 жылы Салалық кәсіподақ қатары   7 мыңнан астам жаңа мүшемен толықты. Нәтижесінде, жалпы мүшелер саны 600 мыңнан асты. Бұл – жай ғана статистикалық көрсеткіш емес, жүйелі ұйымдастырушылық жұмыстың, мүшелікке тарту тетіктерін же­тіл­дірудің және ең бастысы еңбек адам­дарының Кәсіподаққа деген сенімінің нақты нәтижесі.
Құқық қорғау қызметі мен негізгі ба­ғыт­тар XV Съезд қағидаттарына және 2024-2029 жылдарға арналған бағдарлама­ға сәйкес жүзеге асырылды. Қабылданған іс-шаралар кәсіп­одақ мүшелерінің әлеу­меттік-еңбек құқықтары мен заңды мүдде­лерін қорғауға, еңбек дауларының алдын алуға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және әлеуметтік әріптестік тетіктерін жетіл­діруге бағытталды.
Ұйымның институционалдық тұрақты­лығын нығайту мақсатында құрылымдық, кадрлық, ақпараттық және қаржылық әле-у­етті арттыру бойынша кешенді іс-шара­лар қабылданды. Бұл қадамдар кәсіп­одақтың сыртқы сын-қатерлерге уақытылы әрекет ету және мүшелер мүддесін тиімді қорғау мүм­кін­дігін арттырды.
Кәсіподақ қызметінің тиімділігі ең алды­мен әлеуметтік әріптестік институ­тына негізделеді. Былтыр ұжымдық шарт­тар­дың қолданылу ауқымы кеңейіп, олар­дағы міндеттемелердің орындалуына бақылау күш­ейтілді. Бұл келісімдерде бекі­т­ілген норма­лардың іс жүзінде орын­далуын қамтамасыз етуге ықпал етті.
Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім салаларында әлеуметтік әріптестікті дамы­ту – Салалық кәсіподақтың басым бағыт­тарының бірі. Тараптардың жүйелі іс-қимылы нәтижесінде әлеуметтік диалогтың барлық деңгейін қамтитын тиімді салалық тетік қалыптасып, тұрақты жұмыс істеуде.
Салалық кәсіподақ пен уәкілетті тарап­тар арасында жасалған әлеуметтік әріптес­тік туралы келісімдер шеңберінде еңбек жағдайлары, жұмыспен қамту, еңбекақы төлеу, еңбек нормалары, жұмыс уақыты мен демалыс режимі, сондай-ақ әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер нақты регла­менттелген.
Қазір кәсіподақ ұйымдары 8 716 ұжым­дық шарт жасасқан. Олардың мазмұны са­­ла­­лық келісімдерде көзделген норма­лар­ды кеңейтіп, қызметкерлер үшін қосымша кепілдіктер қарастырады.
Кәсіподақта құқықтық сүйемелдеу және құқықтық сауаттылықты арттыру жұ­мысы жүйелі түрде жүргізілуде. Еңбек заң­намасын түсіндіру, ішкі актілерді құ­қық­тық сараптау, өтініштер мен шағым­дарды қарау арқылы құқық бұзушылықтар­дың алдын алу деңгейі арттырылды.
Есепті кезеңде 4 030 білім беру ұйы-мында қоғамдық бақылау жүргізіліп, 6 631 еңбек заңнамасын бұзу дерегі анықталды.
Сала қызметкерлерінен 36 633 өтініш келіп түсті. Негізгі мәселелер еңбекақы төлемдері, еңбек шарттарын бұзу, еңбек қауіп­сіздігі және ұжымдық шарт талап­тары­ның орындалуына қатысты болды. Ба­рлық өтініштер уақытылы қаралып, тиісті іс-шаралар қабылданды.
Мемлекеттік еңбек инспекциясына 85 өтініш жолданып, нәтижесінде жұмыс беруші­лерге орындауға міндетті ұйғарым­дар берілді.
38 282 қызметкер құқықтық кеңес алды. Заңсыз жұмыстан шығарылған 41 кәсіподақ мүшесі жұмысқа қайта орналас­тырылды: 34-і келісу комиссиясы шешімі­мен, 7-еуі сот тәртібімен.
Құқықтық қызметтің басты сапалық көрсеткіштерінің бірі – заңсыз ұсталған немесе төленбеген қаражатты қайтару. Жыл ішінде кәсіподақ заңгерлерінің нәти­желі жұмысының арқасында қызметкер­лерге 1,6 млрд теңгеге жуық қаражат өндіріліп берілді.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бағытында 8 439 өндірістік кеңес жұмыс істейді. Сала бойынша еңбекті қорғау жө-ніндегі 8 548 техникалық инспектор қызмет атқарады. Былтыр 5 037 тексеру жүргізіліп, 2 215 заң бұзушылық анықталды. 2 018 ұсыныс беріліп, 1 299 еңбек жағдайларын бұзу дерегі жойылды.
Жыл қорытындысы кәсіподақ қызметі­нің еңбек құқықтарын қорғауда жүйелі әрі нәтижелі сипат алғанын көрсетті. Әлеу­меттік-еңбек мүдделерін білдіру, ұжымдық шарттар арқылы кепілдіктерді нақтылау, еңбек дауларын шешу және өндірістік тәуе­кел­дердің алдын алу бағытында кәсіподақ ықпалы айтарлықтай артты.
Нәтижесінде, 2025 жылы 75 мыңға жуық кәсіподақ мүшесінің құқығы нақты қорға-л­ып, еңбек қатынастарының негізгі бағыт­тары бойынша – еңбекақы, жұмыс уақыты, еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік төлемдер мен кепілдіктер мәселелерінде оң нәтижелерге қол жеткізілді.
Алдағы кезеңде құқықтық сүйемел­деудің сапасын арттыру, консультациялық қолжетімділікті кеңейту, құқық қолдану тәжірибесін жүйелеу және кәсіподақ орган­дарының жауапкершілік аймағындағы құқықтық жұмысты күшейту негізгі басым­дықтардың бірі болып қала береді.
 

Айгүл МҰҚАШЕВА, 
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Тэгтер:

құқық кәсіподақ