Павлодарда зейнеткерді тырмамен ұрып өлтірген жігітке үкім шықты

Бүгін, 11:48 / Алуа Арман
istockphoto.com

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты зейнеткерді тырмамен ұрып өлтірген 35 жастағы ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс сотта алқабилердің қатысуымен қаралды.

Оқиға 2025 жылдың сәуір айында Павлодар облысының Сарышығанақ ауылында болған.

Тергеу нұсқасы бойынша, сол күні 35 жастағы павлодарлық ер адам ағасының үйінде қонақта болған. Сол жерде туысының ауылдасы да болған. Олар спирттік ішімдік ішкен. Түннің бір уақытында ер адам мен қарт әйел арасында сөзге келіспеушілік туындаған. Айыпталушы верандадан тырма әкеліп, оның үшкір ұшымен ұрып, самайына тигізген. Әйел оқиға орнында көз жұмған.

Сот барысында айыпталушы өз кінәсін мойындамады.

Алқабилер оның кінәсі дәлелденген деген қорытындыға келді, алайда адам өлтіруге тікелей қасақана ниеті болмағанын атап өтті.

Тэгтер:

Павлодар зейнеткер тырма