Балуан Лаура Алмағанбетова мен Зейнеп Баянова Албаниядағы турнирде алтын жеңіп алды

Бүгін, 11:14 / Інжу Әлихан
Оlympic.kz

Қазақстан құрамасы күрестен Албанияның Тирана қаласында өтіп жатқан рейтингтік турнирде кезекті бірнеше медальға қол жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Беделді жарыста ел қоржынына алғашқы алтын жүлделерді Лаура Алмағанбетова мен Зейнеп Баянова салды.

Зейнеп Баянова 50 келіге дейінгі салмақта топ жарып, финалда Үндістан өкілі Приянши Пражапатты жеңді.

Ал Лаура Алмағанбетова 55 келіге дейінгі салмақта чемпион атанып, шешуші белдесуде Украина спортшысы Лилия Маланчукты ұтты.

Сондай-ақ еркін күрес шеберлері Азамат Дәулетбеков (92 келіге дейін) пен Ризабек Айтмұхан (97 келіге дейін) қола медаль иеленді.